Жаңалықтар

Петр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университетінде Медицинадағы симуляцияның Еуразиялық қоғамының (EurASim) қолдауымен өткен «MedTechLab – 2026» халықаралық ғылыми-білім беру жәрмеңкесі
Петр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университетінде Медицинадағы симуляцияның Еуразиялық қоғамының (EurASim) қолдауымен өткен «MedTechLab – 2026» халықаралық ғылыми-білім беру жәрмеңкесі
9 November 2026

2026 жылдың 6 қарашасында Петр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университетінде Қарағанды медицина институтының негізін қалаушы және тұңғыш ректоры Пётр Моисеевич Поспеловтың туған күніне орай «MedTechLab: Медициналық білім берудегі симуляциялық технологиялар» атты халықаралық ғылыми-білім беру жәрмеңкесі өтті.

Іс-шара студенттерді, оқытушыларды, сарапшыларды, медицина саласының мамандарын, отандық инженер-конструкторлар мен медициналық тренажерлерді әзірлеушілерді бір алаңға тоғыстырды. Жәрмеңке аясында еліміздің түрлі жоғары оқу орындары ұсынған 30 инновациялық жоба көпшілік назарына ұсынылды. Олардың қатарында авторлық медициналық симуляторлар, білім беру саласындағы тың әзірлемелер, 3D-басып шығару технологиялары мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдана отырып жасалған инженерлік шешімдер болды.

Қатысушылар өз әзірлемелерін сарапшылар комиссиясының назарына ұсынып, шеберлік сабақтарына қатысып, симуляциялық оқыту саласындағы кәсіби тәжірибелерімен және инновациялық идеяларымен алмасты. Пётр Моисеевич Поспеловтың өнегелі жолы мен мұрасын жалғастыра отырып, Қарағанды медицина университеті дарынды жастарды қолдауға, ғылыми-білім беру бастамаларын дамытуға және медициналық білім беру саласына заманауи технологияларды енгізуге бағытталған қолайлы орта қалыптастыруға баса мән беріп келеді.

Іс-шараның құрметті қонақтары

Халықаралық жәрмеңкенің құрметті қонағы ретінде белгілі қазақстандық суретші, халықаралық антиядролық қозғалыстың белсендісі Карипбек Телтаевич Куюков қатысты. Карипбек Телтаевич туындыларын қылқаламды ауызымен және аяқ саусақтарымен қылқаламды шебер пайдаланып, қайталанбас туындылар жасайтын өнер иесі.

Суретшінің іс-шараға қатысуы жәрмеңкенің мазмұндық мәнін тереңдете түсті. Оның өмір жолы мен шығармашылығы адам рухының мықтылығын, шексіз шығармашылық мүмкіндіктерді және қандай қиындыққа да мойымай, игілікті істерге ұмтылудың маңызын айқын көрсетті.


Сарапшылар комиссиясы

Ұсынылған жобаларға баға беру үшін медициналық білім беру, бизнес, инженерлік сала және қоғамдық ұйымдар өкілдерінен құралған сарапшылар комиссиясы жұмыс істеді.:

1.    Арутюнян Мариетта Георгиевна - «Қарағанды медицина университеті түлектерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті;

2.    Шиллер Марина Васильевна - бизнес-кеңесші, EMBA, EMPM магистрі;

3.    Оспанова Кадиша Базарбаевна - Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты;

4.    Жантілеу Еркебұлан Бақытұлы - «Sim-Med» ЖШС бас директоры;

5.    Дасыкенов Руслан Ерболович - «Sim-Med» ЖШС инженер-конструкторы;

6.    Ращупкин Данил Александрович — «Teleport 3D» ЖШС директоры;

7.    Шуваев Владислав Александрович — «Teleport 3D» ЖШС аддитивті технологиялар бағытының жетекшісі;

8.    Тишкова Наталья Евгеньевна – «Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің» симуляциялық орталығының жетекшісі.

Сарапшылар ұсынылған жобаларды бірнеше негізгі критерий бойынша бағалады. Атап айтқанда, олардың практикалық маңыздылығы, симуляцияның шынайылығы, қолжетімділігі, инновациялық сипаты, білім беру үдерісіндегі тиімділігі және жобаларды таныстыру сапасы ескерілді.

Халықаралық жәрмеңкенің жеңімпаздары

Сарапшылар комиссияның бағалау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

I орын — «Хеликобакторы» командасы, Пётр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университеті.

II орын — «Synapse» командасы, «Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті мен Astana IT University бірлескен командасы.

III орын — «IMPACT» командасы, «Семей медицина университеті» КеАҚ.

Арнайы номинациялардың жеңімпаздары

Негізгі жүлделі орындардан бөлек, сарапшылар жекелеген бағыттарда жоғары нәтиже көрсеткен жобаларды да атап өтті:

·      «Үздік білім беру идеясы» - «Epidemiologists» командасы, Пётр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университеті;

·      «Үздік инженерлік әзірлеме» - «AuscultaMed» командасы, Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті;

·      «Ең шынайы симулятор» - «MedForse» командасы, Пётр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университеті;

·      «Үздік ғылыми жоба» - «INJENIOUS» командасы, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті;

·      «Үздік MedTechLab симуляторы» - «Kazan NephroDynamics» командасы, Пётр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университеті (Казань қаласымен бірлескен білім беру бағдарламасы);

·      «AI-MedTechLab: медициналық білім берудегі зияткерлік шешім» — «Patienta» командасы.

Jas Fund серіктесінің жеңімпаздарды марапаттауы

Халықаралық ғылыми-білім беру жәрмеңкесінде I, II және III орындарға ие болған жеңімпаздарға іс-шара серіктесі Jas Fund ұсынған бағалы сыйлықтар табысталды.

Жүлде қоры:

·      I орын — америкалық MDF Instruments компаниясының 5 стетоскопы;

·      II орын — 5 жұп медициналық аяқ киім (Crocs);

·      III орын — хирургиялық киім жиынтықтары.

Ұйымдастырушылар іс-шараға демеушілік қолдау көрсетіп, бағалы сыйлықтар ұсынғаны және медициналық білім беруді дамытуға, талантты әрі бастамашыл студенттерді қолдауға қосқан үлесі үшін Jas Fund ұжымына шынайы алғысын білдірді.

Dodo Pizza ұжымының арнайы сыйлықтары

Халықаралық жәрмеңкенің серіктесі Dodo Pizza ұжымы қатысушыларды арнайы сыйлықтармен марапаттады.

Сыйлықтарға ие болған командалар:

·      I орын - «MedSound» командасы, Пётр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университеті — 5 стақан кофе;

·      II орын - «MedTech Innovators» командасы, Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті — 5 стақан кофе;

·      III орын - «QUANTUM» командасы, Пётр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университеті — 2 үлкен пицца.

Ұйымдастырушылар қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың еңбегін ерекше ықыласпен атап өткен Dodo Pizza ұжымына алғыс білдірді.

Халықаралық жәрмеңкенің серіктестері

«MedTechLab – 2026» халықаралық ғылыми-білім беру жәрмеңкесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтуіне іс-шара серіктестерінің қосқан үлесі зор болды. Осындай игі бастамаларды қолдап, білім мен ғылымның дамуына үлес қосып жүрген барлық серіктестерімізге, атап айтсақ:

·      Галлямов Тимур Маратовичке - Fragment кафесінің директорына;

·      Жабаева Индира Нұржановнаға - «Қарағанды облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік серіктесіне;

·      Юсупов Эльяр Азизбековичке - «Төрт Қазан» ұжымының директорына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

 

MedTechLab – медициналық білім берудің жаңа мүмкіндіктеріне бастар жол!

Петр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университетінде өткен «MedTechLab – 2026» халықаралық ғылыми-білім беру жәрмеңкесі медицина, ғылым, инженерия және заманауи технологияларды тоғыстырған маңызды алаңға айналды.

Ұсынылған жобалар заманауи медициналық технологияларды дамытуға студенттер мен жас мамандардың да елеулі үлес қоса алатынын көрсетті.

Жәрмеңкені Петр Моисеевич Поспеловтің туған күніне орай жыл сайын 6 қарашада өткізу жоспарлануда. Осылайша, MedTechLab университеттің тарихи мұрасын дәріптей отырып, медициналық білім берудегі инновацияларды дамытуға бағытталған дәстүрлі алаңға айналмақ.

«MedTechLab» бұл- идеялардан инновациялық шешімдерге, инновациялардан медициналық білім берудің жаңа көкжиегіне жол ашатын алаң!

171

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.11.2026