Жаңалықтар

20 November 2026

Педиатр болу - бұл жай ғана мамандық емес, ол әлі сөйлей алмайтын, бірақ бәрін сезінетін балаларға жол табу өнері. Ата-аналар сіздерге ең қымбатын - өз балаларының денсаулығы мен тыныштығын сеніп тапсырады.

Сіздер ең алғашқы күндерден бастап алғашқы дабылдарды жеңуге көмектесіп, алғашқы қадамдар мен жаңа дағдыларға үйретесіздер, қиын сәттерде қажетті сөздерді таба білесіздер. Бұл үшін тек терең білім ғана емес, сондай-ақ үлкен жүрек, шыдамдылық, сезімталдық пен балаларға деген шексіз махаббат қажет.

Біздің университетте Педиатрия мектебі мықты профессорлық-оқытушылық құрамнан тұрады. Күн сайын педагог-дәрігерлер өз тәжірибелері мен білімдерін болашақ дәрігерлерге жеткізеді.

Педиатрияны таңдаған әрбір адам түсінеді - бұл білім шыдамдылықпен, эмпатиямен және кішкентай пациенттерге шынайы сүйіспеншілікпен жүретін жұмыс. Әрбір дені сау бала мен әке-шешенің әрбір күлкісі - бұл сіздердің жеке жеңістерііңіз және болашаққа қосқан үлкен үлестеріңіз.

Халықаралық педиатр күнімен!

55

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.11.2026