Медицина университетінің емханасы

Медицина университетінің емханасы — «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Медицина университетінің емханасы өз қызметін мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады. Емхана Қарағанды қаласы, Мұстафин көшесі, 15 мекенжайы бойынша жалға алынған ғимаратта орналасқан.

Ұйымның миссиясы, мақсаты, пайымы және құндылықтары

Біздің миссиямыз – ғылымда, білім беруде және практикада жоғары жетістіктерге қол жеткізу арқылы қоғамды дамыту, Қазақстан халқының денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту.

Біздің мақсатымыз – ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, қолжетімді, білікті және мамандандырылған медициналық көмекті қамтамасыз ету.

Біздің пайымымыз – ғылым, практика және инновациялар арқылы клиникалық қызметті жүзеге асыратын академиялық денсаулық сақтау жүйесі шеңберіндегі медициналық орталық.

Біздің құндылықтарымыз:

  • Сапа – көрсетілетін медициналық көмектің уәкілетті орган бекіткен және медицина ғылымы мен технологиялары дамуының заманауи деңгейіне негізделген стандарттарға сәйкестік деңгейі. Өлшенетін көрсеткіш (индикаторлар).
  • Бірлік – мақсатқа қол жеткізуде әрбір қызметкердің үлесін түсіну және қолдау. Команданың әрбір мүшесінің күш-жігері арқылы ең жоғары нәтижелерге және көрсетілетін медициналық қызметтердің жоғары сапасына ұмтылу.
  • Қауіпсіздік – қызметкердің іс-әрекеттері, заттар немесе ұйымның қоршаған ортасы (ғимарат, аумақ және жабдықтар) пациенттер мен қызметкерлерге қауіп төндірмейтін жағдай.
  • Қауіпсіздік мәдениеті – қауіпсіздікті қамтамасыз ету басым мақсат әрі ішкі қажеттілік болып табылатын, қауіпсіздікке әсер ететін барлық жұмыстарды орындау кезінде өзіндік санаға, жауапкершілікке және өзін-өзі бақылауға негізделген барлық тұлғалардың кәсіби және психологиялық даярлығы.

Медициналық қызметтің құрылымы мен бағыттары

Пациенттерге медициналық көмек екі негізгі бөлімшеде көрсетіледі:

    1. Отбасылық денсаулық орталығы

      Отбасылық денсаулық орталығының құрамына учаскелік қызметтер және сүзгі кабинеті кіреді.

    2. Консультативтік-диагностикалық блок

      Консультативтік-диагностикалық блокта:

        • ультрадыбыстық диагностика;

        • функционалдық диагностика;

        • хирургиялық бейіндегі мамандардың консультациялары:

          – офтальмолога;

          – оториноларинголога;

          – хирурга;

          – гинеколога;

        • терапиялық бейіндегі мамандардың консультациялары:

          – гематолога;

          – эндокринолога;

          – невропатолога;

          – кардиолога;

          – гастроэнтеролога;

          – аллерголога;

          – пульмонолога;

          – нефролога;

          – инфекциониста.

Негізгі міндеттер мен функциялар:

  • Ересектер мен балаларға консультативтік-диагностикалық медициналық көмек бағыттары бойынша сапалы медициналық көмек көрсету.
  • Инновациялық және жоғары технологиялық емдеу әдістерін, сондай-ақ ҚМУ-дың өз ғылыми зерттеулері мен алынған ғылыми зерттеу нәтижелерін емдеу-диагностикалық процеске енгізу.
  • Медицина қызметкерлері үшін үздіксіз медициналық білім беруді/кәсіби коучингті ұйымдастыру.
  • Пациентке бағдарланған технологиялар қағидаты бойынша дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
  • Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен емдеудің, диагностиканың және профилактиканың жаңа заманауи әдістері мен құралдарын енгізу; диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын пайдалану.
  • Санитариялық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз ету.
  • Азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін зерделеу.
  • Медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына жүйелі бақылау жүргізу.
  • Медициналық қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған клиника персоналының жұмысын ұйымдастыру нысандары мен әдістерін жетілдіру және дамыту.
  • Емдеудің, диагностиканың және профилактиканың жаңа заманауи әдістері мен құралдарын енгізу.
  • Инфекциялық бақылау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
  • Ересектер мен балалар арасында салауатты өмір салты мәселелері бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру.

Медицина университеті емханасының басшылығы:

  • Бас дәрігері – Асанова Айгүл Мажитовна;
  • Отбасылық денсаулық орталығы меңгерушісі – Мельничук Дарья Викторовна;
  • Консультативті-диагностикалық бөлім меңгерушісі – Мельничук Дарья Викторовна;
  • Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің жетекшісі – Волчанская Светлана Ивановна;
  • Аға медициналық мейіргер – Ақынова Гүлдана Нәкеновна.

Байланыс ақпараттары:

  • Бас дәрігер: Асанова Айгүл Мажитовна – тел. 8 (7212) 50-06-45 ішкі 1900
  • Отбасылық денсаулық орталығы меңгерушісі: Мельничук Дарья Викторовна – тел. 8 (7212) 50-06-45 ішкі 1761
  • Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің жетекшісі: Волчанская Светлана Ивановна – тел. 8 (7212) 50-06-45 ішкі 1748
  • Аға мейірбике: Ақынова Гүлдана Нәкеновна – тел. 8 (7212) 50-06-45 ішкі 1781

Жұмыс тәртібі

  • дүйсенбі–жұма: сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін;
  • сенбі: сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін;
  • жексенбі: демалыс күні.

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Стратегия, сапа және тәуекелдерді басқару бөлімі.

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің мақсаты — медициналық көмектің сапасын арттыру үшін проблемалық мәселелерді анықтау және шешу.

Миссиясы: пациенттердің құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету және оларға қолдау көрсету.

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің құрамына келесі мамандар кіреді:

  • сарапшы дәрігерлер;
  • ПҚІБҚ медициналық мейіргері.
  • Қызметтің жұмысын ПҚІБҚ басшысы үйлестіреді.

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің құрамы:

ПҚІБҚ басшысы

Волчанская Светлана Ивановна — жоғары біліктілік санатындағы терапевт дәрігер, денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, жоғары санатты функционалдық диагностика дәрігері, тәуелсіз сарапшы.

Тел.: 8 (7212) 50-06-45, ішкі 1748

Моб.: 8 701 394 23 49

Мекенжайы: Қарағанды қ., Мустафин к-сі, 15, 131-кабинет

ПҚІБҚ дәрігері Тимченко Наталья Александровна — медицина ғылымдарының кандидаты, инфекциялық аурулар және фтизиатрия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, инфекционист дәрігер.

Сарапшы дәрігер Кнаус Анна Александровна — медицина ғылымдарының кандидаты, PhD, инфекциялық аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, жоғары санатты инфекционист дәрігер, аллерголог дәрігер.

Сарапшы дәрігер Реш Александр Маркович — бірінші біліктілік санатындағы хирург дәрігер, тәуелсіз сарапшы.

Сарапшы дәрігер Хамитова Аида Манарбековна — бірінші санатты терапевт дәрігер.

Сарапшы дәрігер Ким Алла Николаевна — бірінші біліктілік санатындағы терапевт дәрігер, кәсіптік патолог дәрігер.

ПҚІБҚ медициналық мейіргері

Шарипова Гүлнар Қаспақовна — жоғары біліктілік санатындағы медициналық мейіргер.

Мекенжайы: Қарағанды қ., Мустафин к-сі, 15, 131-кабинет

Тел.: 8 (7212) 50-06-45, ішкі 1748

Пациенттерді қолдау қызметіне келесі жағдайларда хабарласыңыз:

  • көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбаған жағдайда;
  • медицина персоналы тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа тап болған жағдайда;
  • тегін медициналық көмек (ТМККК және МӘМС) шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін ақша қаражатын талап ету фактілерінің куәсі болған жағдайда;
  • сондай-ақ медициналық көмекті көрсету тәртібі мен сапасына қатысты кез келген басқа мәселелер туындаған жағдайда.

Сіз өзіңіздің аты-жөніңізді және байланыс деректеріңізді (телефон, мекенжай) көрсете отырып, жазбаша өтінішіңізді тіркеу орнында орналасқан өтініштерге арналған пошта жәшігіне қалдыра аласыз.

Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ шағым келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 99-бабы «Шағымды қарау мерзімі») және қарау нәтижелері туралы ақпарат береді.

Медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал ететін өтініштеріңіз, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Құрметпен, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Стратегия, сапа және тәуекелдерді басқару бөлімінің Пациенттерді қолдау қызметі

Мекенжайы: Қарағанды қ., Мустафин к-сі, 15, 131-кабинет

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің байланыс ақпараттары:

  • Мекенжайы: Қарағанды қ., Мұстафин көшесі, 15, №131 кабинет.
  • ПҚІБҚ (Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі) байланыс ақпараты

  • Телефон: 8 (7212) 50-06-45, ішкі 1748
  • Ұялы телефон: 8 701 394 23 49
  • Қабылдау кестесі: жұмыс күндері күн сайын сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін.
  • «Жедел желі» телефоны: 8 (7212) 50-06-45, ішкі 1748.

Сондай-ақ облыста медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша жүгінуге болатын бірыңғай ақпараттық «Сенім 109» call-орталығы жұмыс істейді.

Адрес

Біздің мекенжайымыз

Қарағанды қ.,
Мустафин к-сі, 15 ғимарат

Связаться

Автобус аялдамасы

32-ші квартал

Автобустар:
№ 43, 44, 53, 28, 118, 07

Телефон

Байланыс телефоны

8 (7212) 50-06-45