Қарағанды медицина университеті Қазақстанда дипломнан кейінгі медициналық білім беруді дамыту жобасының негізгі қатысушыларының бірі болып табылады.
“Учиться надо всегда, врач должен постоянно совершенствоваться.”
А. А. Кисель
Резидентура және кәсіби даму мектебі практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері мен фармацевттеріне арналған тренингтер өткізеді.
Оқыту түрлері:
Сертификаттау курстары
Біліктілікті арттыру циклдары
Оқыту семинарлары
Мастер-класстар
ҚМУ қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыруда бірегей тәжірибеге ие. Бізбен сіз өз біліктілігіңізді арттыра аласыз немесе жаңа мамандық ала аласыз. Курстар денсаулық сақтаудың жетекші сарапшыларының ұсынымдарына сүйене отырып, жаңа ғылыми жетістіктерді ескере отырып әзірленеді және өзектендіріледі.
Оқыту топты құру үшін қатысушылардың қажетті санын жинау арқылы ғана басталады. Ерте брондау мәселелері бойынша резидентура және қосымша білім беру мектебінің қызметкерлеріне жүгіну сұралады.