Сенат
«Қарағанды медицина университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Сенаты 2019 жылы тұрақты жұмыс істейтін алқалы кеңесші орган ретінде құрылды.
Негізгі принципі:
- Бірлестік;
- Ашықтық;
- Адалдық;
- Құзыреттілік;
- Кәсіби этика нормаларын сақтау.
Мақсаттары:
- ЖОО-ның білім беру-тәрбие, ғылыми-зерттеу, клиникалық қызметі мәселелері бойынша құжаттарды қарау, ұсыныстар енгізу және бекіту;
- Университеттің білім алушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамы үшін қажетті жағдайлар жасау;
- ЖОО-ның ғылыми-білім беру және клиникалық қызметі бойынша даму бағдарламасының тұжырымдамасын айқындау жатады.