Жаңалықтар

АИТВ инфекциясының алдын алу — ортақ міндет
АИТВ инфекциясының алдын алу — ортақ міндет
19 November 2026

2026 жылғы 13 қарашада Ішкі аурулар және кәсіптік патология кафедрасында 1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай іс-шара өткізілді. Кездесу Облыстық аллергологиялық орталықтың конференц-залында өтті.


Іс-шараға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ «Медицина» білім беру бағдарламасының 1 және 4-курс студенттері қатысты.

Қарағанды облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының дәрігер-эпидемиологі Ирина Александровна Венчикова — студенттерге АИТВ инфекциясының таралу ерекшеліктері, жұқтыру қаупін төмендету жолдары, уақтылы тексерілу мен ерте диагностиканың маңызы туралы мазмұнды дәріс оқыды.

Дәріс барысында АИТВ инфекциясына қатысты қоғамда қалыптасқан теріс түсініктер мен жаңсақ түсініктерді жоюға сонымен қатар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеуге ерекше назар аударылды. Болашақ медицина қызметкерлерінің АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға кәсіби тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ құрметпен және түсіністікпен қарап, ізгілік қағидаларын сақтауы қажет екені айтылды.


Дәріс соңында студенттер маманға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды. Алған білімдерін бекіту мақсатында тақырыптық ойындар мен интерактивті тапсырмалар ұйымдастырылды.

Іс-шара мазмұнды, қызықты әрі танымдық деңгейде өтті. Осындай кездесулер болашақ дәрігерлердің кәсіби білімін кеңейтіп қана қоймай, олардың халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуге дайындығын арттырады.

67

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.11.2026