Жаңалықтар

Халықаралық қатысумен өткен «Элита стоматологии» Бүкілресейлік олимпиадасының жеңімпазы!
Халықаралық қатысумен өткен «Элита стоматологии» Бүкілресейлік олимпиадасының жеңімпазы!
18 November 2026

12–14 қараша аралығында Қазан қаласында «Элита стоматологии» атты ауқымды олимпиада өтті.

Іріктеу өте қатаң болды: сырттай кезеңге қатысқан 1368 қатысушының ішінен ТМД-ның 5 елі мен Ресейден келген 300-ден астам ең үздік студент ақтық сынға жолдама алды.

Олимпиаданың финалдық кезеңі екі бөлімнен тұрды:

  • Теориялық бөлім: екі күрделі клиникалық кейсті талдау және шешу.
  • Практикалық бөлім: 26 және 36 екі шайнау тісін кейінгі окклюзиялық түзетусіз, тістесуді мінсіз қалпына келтіре отырып көркем реставрациялау.

Ең жоғары бәсекелестік «Терапиялық стоматология» бағытында өрбіді – мұнда біріншілік үшін 200-ден астам қатысушы бақ сынасты. Барлық байқау сынақтарының қорытындысы бойынша стоматология мектебінің білім алушысы Смагулов Азамат үздік нәтиже көрсетіп, I жүлделі орынды иеленді!

Бұл жеңіс – табанды еңбектің, терең білімнің және @officialkmu қабырғасындағы жоғары деңгейдегі дайындықтың нәтижесі. Студенттерімізді мақтан тұтамыз және тәлімгерлік еткен оқытушыларымызға алғыс білдіреміз!

59

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.11.2026