Жаңалықтар
09 қазан 2026 ж Қоғамдық денсаулық және мейіргерлік білім беру мектебінің оқытушылары – Жиенбекова А.Ж., Шайхина Ж.К., Талиева Г.Н және Токтибаева Г.Ж. – Қарағанды облысының №17 ЖББМ оқушылары үшін кешенді кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Түлектерді кәсіптік бағдарлау мақсаты оқушыларды "ҚМУ" КЕАҚ-да "Медициналық-профилактикалық іс" және "IT-медицина"мамандықтары бойынша оқуға түсу және оқыту ерекшеліктерімен таныстыруға бағытталған кездесу өткізілді. Іс-шара барысында түлектерге қажетті медициналық мамандықтар, қабылдау шарттары, оқудың артықшылықтары, сондай-ақ түлектердің мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы айтылды. Оқушылар белсенді қызығушылық танытты, дайындық курстары, қабылдау емтихандары және студенттік өмір туралы сұрақтар қойды. Мұндай кәсіптік бағдар беру кездесулері жастарға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға және денсаулық сақтау саласындағы табысты мансапқа алғашқы қадам жасауға көмектеседі.