Жаңалықтар

Білім беру бағдарламаларына иммунопрофилактика мәселелерін енгізу барысындағы ілгерілеуді бағалау бойынша ДДСҰ консультантының, ҚР ДСМ ДСҰ өкілінің сапары
Білім беру бағдарламаларына иммунопрофилактика мәселелерін енгізу барысындағы ілгерілеуді бағалау бойынша ДДСҰ консультантының, ҚР ДСМ ДСҰ өкілінің сапары
1 October 2026
2026 жылғы 23 қыркүйекте университетімізге ДДСҰ консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор Г.О. Абуова келді. Кездесу барысында университет басшылығымен және ҚР ДСМ ДНЧР Медициналық білім беру басқармасының басшысы А. К. Изденовтың қатысуымен иммунопрофилактика мәселелерін оқытудың маңыздылығы, вакцинация кезінде тұлғааралық коммуникация дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ бұл мәселелерді білім алудың бакалавриат деңгейінен бастап жүйелі түрде зерделеудің қажеттілігі атап өтілді. Басқарма төрағасы – Ректор Б.Н. Кошерова иммунопрофилактика мәселелерін, оның ішінде орта буын медицина қызметкерлері үшін оқытудың аса өзектілігін атап өтіп, вакцинация мәселелерін білім беру бағдарламаларына интеграциялау барысында оқытудың түпкілікті нәтижелерін нақты қалыптастыруға және нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкестікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Бұл мәселелерді бакалавриаттың оқу пәндеріне кезең-кезеңімен енгізу, сондай-ақ жоғары курс білім алушыларына вакцинамен басқарылатын инфекцияларды жүйелі түрде оқыту халықты вакцинациямен мақсатты қамту көрсеткішіне қол жеткізуге бағытталатын болады. Қатысу барысында 6-005 тобының интерндерінің қатысуымен профилактикалық екпелер жүргізуге қатысты қарсы көрсетілімдер, медициналық шегерімдер және нормативтік-құқықтық актілер (НҚА) талаптары тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді. Сабақты Педиатрия және неонатология кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры А. А. Жанпейсовa жүргізді. Интерндер клиникалық жағдайды талқылау барысында белсенділік танытып, қарсы көрсетілімдер мен медициналық шегерімдерді белгілеу кезінде медициналық құжаттаманы ресімдеу тәртібі бойынша білімдерін көрсетті, сондай-ақ тәжірибеден нақты мысалдар келтірді. Интерн Б. Қазтаева өзіне бекітілген учаскеде вакцинация жоспарының орындалуы туралы мәліметтерді ұсынып, медициналық шегерімдердің құрылымында ЖРВИ-мен байланысты уақытша медициналық шегерімдердің басым болғанын атап өтті. 



600-4 тобының интерндері, оқытушысы – медицина ғылымдарының докторы, профессор Б. Т. Тукбекова, вакцинация кезіндегі тұлғааралық коммуникация тақырыбындағы сабаққа дайындық барысында орындалған СӨЖ нәтижелерін таныстырды. Интерндер презентация үшін ДДСҰ-ның «Батыл вакцина» («Храбрая вакцина») атты брошюрасының мазмұнын негізге алды. Қызықты рөлдік ойын ұйымдастырылып, онда зұлым мыстан, вакцина және микробтардың бала ағзасына әсері бейнеленді. Рөлдік ойынның қорытынды кезеңінде дәрігер мен баланың анасы арасында белсенді тыңдау элементтері бар диалог көрсетіліп, оның тұлғааралық коммуникацияның негізгі құрамдас бөлігі екеніне назар аударылды. Білім алушыларға әртүрлі жағдайларға байланысты тиімді коммуникация орнатуға мүмкіндік беретін дайын жұмыс фразаларын пайдалану ұсынылды.
Интерндер сабаққа кері байланыс берді. Мысалы, А. Тоқтамысова мұндай СӨЖ орындау формалары коммуникация мәселелерін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретінін, ал геймификация білім алушылардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін ашуға ықпал ететінін атап өтті. Интерн Б. Әбибулла да өз әсерімен бөлісіп, мыстан рөліне ену оған вакцинацияға деген көзқарастың әртүрлі болуы мүмкін екенін түсінуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Сонымен қатар, бұл оның әрбір баланың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етудегі вакцинацияның маңыздылығына деген жеке сенімін өзгертпегенін айтты. Сабақ соңында сарапшы тарапынан оқу материалының мазмұны бойынша құнды ұсыныстар беріліп, білім алушыларды оқыту барысында ДДСҰ әдіснамасын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Талқылауға Педиатрия және неонатология кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.К. Алшынбекова, сондай-ақ «Педиатрия» және «Жалпы дәрігерлік практика» білім беру бағдарламаларының жетекшілері қатысты.



Маңыздысы білім беру бағдарламаларындағы иммунопрофилактика мәселелерінің мазмұнын талқылау болды. Талқылауға декандар, кафедра меңгерушілері, білім беру бағдарламаларының жетекшілері, сондай-ақ кафедралардың профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Иммунопрофилактика және вакцинация мәселелері қамтылған пәндердің силлабустары дайындалды. Сарапшы университетіміздің білім беру бағдарламаларында вакцинация мәселелерінің қамтылуына талдау жасап, білім алушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерімен және профессор-оқытушылар құрамына арналған сауалнама қорытындыларымен таныстырды. Талдау барысында бірқатар білім беру бағдарламалары пәндерінің силлабустарында иммунопрофилактика мәселелері мен вакцинация кезіндегі тұлғааралық коммуникация элементтерінің қамтылғаны атап өтілді. 
Сонымен қатар, иммунопрофилактика мәселелерін оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету, сондай-ақ оқу процесі мен практикалық қызмет барысында ДДСҰ ұсынған құзыреттерді интеграциялау қажеттілігі туралы ұсыныстар айтылды. Сапар барысында алынған ұсынымдар иммунопрофилактика мәселелері бойынша білім беру бағдарламаларын одан әрі жетілдіру кезінде ескерілетін болады.



66

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 05.10.2026
.
Жарияланды: 01.10.2026
.
Жарияланды: 01.09.2026