Жаңалықтар

Кәсіби серіктестіктің 15 жылы: Қазақстан және РОСОМЕД
Кәсіби серіктестіктің 15 жылы: Қазақстан және РОСОМЕД
13 October 2026

Қарағанды медициналық университетінің өкілі және Қазақстандағы Еуразиялық симуляция қоғамының президенті Гүлшат Сейтмұратқызы Кемелова Ресей медицинадағы симуляциялық білім беру қоғамының 15-ші мерейтойлық съезіне және 2026 жылдың 6-8 қазанында Мәскеуде өткен «Медицинадағы симуляциялық білім беру: тәжірибе, даму, инновация. РОСОМЕД-2026» халықаралық конференциясына белсенді қатысты.

Ғылыми бағдарлама аясында Гүлшат Сейтмұратқызы «Критикалық акушерлік жағдайларда командалық шешімдер: Люсина платформасындағы симуляциялық оқытудың тиімділігі» атты баяндамасын ұсынды. Баяндамада медициналық мамандарды шұғыл акушерлік жағдайларда көмек көрсетуге оқыту үшін өте шынайы симуляцияның пайдалануы қарастырылды, командалық жұмыстың, кәсіби жауапкершіліктің және уақтылы клиникалық шешім қабылдаудың рөлі аталыпп өтті. Пленарлық отырыстағы «Уақытпен тексерілген серіктестік: Қазақстан мен РОСОМЕД арасындағы 15 жылдық ынтымақтастық» атты баяндама ерекше маңызды болды. Онда кәсіби байланыстардың тарихына, бірлескен білім беру бастамаларына және симуляциялық оқытудағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың нәтижелеріне назар аударылды. Баяндамада серіктестіктің білім берушілер мен медицина мамандарының біліктілігін арттыруға, Қазақстандағы симуляциялық орталықтарды дамытуға, сарапшылық тәжірибемен алмасуға және жаңа бірлескен жобалардың перспективаларын зерттеуге қосқан үлесі атап өтілді.

Г.С. Кемелованың РОСОМЕД-2026-ға қатысуы халықаралық кәсіби форумда Қазақстанның жетістіктерін таныстыруға, мамандар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және симуляцияға негізделген медициналық білім беруді одан әрі дамытуға ықпал етті. Конференцияның ғылыми бағдарламасына белсенді қатысқаны үшін Гүлшат Сейтмұратқызы Ресей медицинадағы симуляциялық білім беру қоғамының дипломымен және алғыс хатымен марапатталды.

10

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 05.10.2026
.
Жарияланды: 01.10.2026
.
Жарияланды: 01.09.2026