АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ

Негізгі ережелер

1) Осы Академиялық саясат (бұдан әрі – Саясат) ҚР БҒМ және ҚР ДСМ нормативтік құжаттарының талаптарына, Білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттеріне және «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ (бұдан әрі - Университет немесе «ҚМУ» КеАҚ) ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді.

2) Саясат университеттің стратегиялық мақсаттары мен миссиясымен анықталады және білім беру сапасын арттыруға және орталықтандырылған оқытуды жүзеге асыруға бағытталған білім беру қызметін жоспарлау мен басқару және оқу процесін тиімді ұйымдастыру жөніндегі шаралар, ережелер мен басшылық қағидаттарының жүйесін білдіреді.

3) Саясаттың мақсаты еңбек нарығының, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыратын, сондай-ақ үздік әлемдік практикаларға сәйкес келетін кәсіптік білім берудің барлық деңгейлерінде жоғары сапаға қол жеткізу болып табылады.

4) Университет академиялық қызметтің келесі басшылық принциптерін анықтайды:

  1. барлық білім алушыларға сапалы және қолжетімді білім алу үшін тең мүмкіндіктер беру;
  2. ерекше қажеттіліктері бар білім алушыларға қатысты нәсілдік, ұлттық, этникалық, діни, гендерлік белгілері, әлеуметтік жағдайы, дене мүмкіндіктері, жасы және басқа да субъективті өлшемшарттары бойынша кемсітушілікке жол бермеу болып табылады;
  3. жеке оқу траекторияларын таңдау және элективті пәндерді таңдау және электрондық оқу порталында білім алушылардың өз прогресін қадағалау арқылы қажетті дағдыларды дамыту кезінде білім алушыларға академиялық еркіндік беру;
  4. білім, ғылым және практикаға инновацияларды енгізу арқылы ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің талаптарына және халықаралық стандарттарға сай келетін кәсіпқойларды даярлау;
  5. академиялық адалдық қағидаттарын сақтау және ғылыми және білім беру қызметінде алдау мен алаяқтықтың кез келген түріне төзбеушілік таныту;
  6. мүдделі тараптар үшін ақпараттың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету;
5) Саясат білім алушыларға, профессорлық-оқытушылық құрамға, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

6) Саясат Қазақстан Республикасындағы білім беру қызметін реттейтін нормативтік актілер, университет жарғысы және стратегия өзгерген, білім беру бағдарламаларының талаптары қайта қаралған жағдайда, сондай-ақ халықаралық институционалдық немесе мамандандырылған аккредиттеу қорытындылары бойынша ұсынымдар шеңберінде қайта қаралуы мүмкін.