Қылмыстық кодекстен гөрі пәнді зерттеген дұрыс Құқық

Қарағанды медицина университеті адалдық пен парасаттылық мәдениетін белсенді түрде насихаттайды. Университет негізінен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау мүмкін болмайтын оқыту жүйесін құруда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие

ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық - бұл қауіпті!

Комплаенс-офицер - құқықтық талаптарды енгізудің ішкі жүйесіне
жетекшілік ететін және олардың орындалуын бақылайтын менеджер.

Урмашов Н.А
Комплаенс-офицер НАО «Қарағанды медицина университеті»
Александр Николаевич Урмашов
+7 7212 503930, ішкі.1273

Комплаенс-офицердің функциялары:

  1. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу;
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы стандарттар мен саясатты әзірлеу және өзектендіру;
  3. Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа сәйкес келмейтін ішкі құжаттарының қолданыстағыларын өзгерту немесе күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу;
  5. Мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингілеу және реттеу бойынша шаралар қабылдау;
  6. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар санатына жататын квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметкерлерінің заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауы тұрғысынан мониторинг жүргізу;
  7. Қоғам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, оның ішінде қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты қалыптастыруға бағытталған ішкі құжаттарын сақтауын бақылау;
  8. Азаматтық және бизнес-қоғамдастық институттарының өкілдерін тарта отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
  9. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы ақпаратты ашық жариялауды қамтамасыз ету;
  10. Сыбайлас жемқорлық және/немесе оған қатысу фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізу;
  11. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жұмысты үйлестіру;
  12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде жәрдем көрсету;
  13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасындағы өзгерістерді мониторингтеу және талдау.
  14. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру бойынша Қоғамның мүдделі мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
  15. Директорлар кеңесі және Басқарма үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және өткізілген іс-шаралар бойынша тоқсан сайынғы есепті дайындау;
  16. Жалғыз акционер үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және өткізілген іс-шаралар бойынша жыл сайынғы есепті дайындау.

Комплаенс-офицер туралы ереже

2018 жылғы 7 қарашада Қарағанды медицина университеті
Қазақстан Республикасының Академиялық адалдық Лигасына кірді.

Лига Миссиясы

Білім беру сапасын арттыру, плагиатқа қарсы іс-қимыл және жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

Толығырақ

Қауымдастыққа кіретін жоғары оқу орындарында Лига жыл сайын оқу процесін ұйымдастыруды, студенттерді оқыту нәтижелерін, жарияланған ғылыми жұмыстардың сапасы мен түпнұсқалығын және жоғары оқу орны қызметінің әзірленген қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігін бағалайды.

Лигаға мүше жоғары оқу орындары студенттер мен оқытушылардың барлық жазбаша жұмыстарын міндетті түрде тексере отырып, плагиатқа қарсы іс-қимылдың халықаралық жүйелерін қолданады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерін, олардың себептерін анықтайды және оларды жою бойынша тиісті іс-шаралар жүргізеді.

Академиялық адалдық жағдайына тап болған студенттер, стипендиаттар және оқытушылар бұл туралы лига сайтында хабарлай алады. Академиялық адалдық қағидаттарын бұзушылықтар анықталған жағдайда ЖОО лигадан шығарылуы мүмкін.