АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ
Ақпаратты басқару саясаты
1) Университет білім беру бағдарламаларын және өз қызметінің басқа бағыттарын тиімді басқару үшін тиісті ақпаратты жинау, талдау және пайдалану процедураларын анықтайды.
2) Университет ақпараттың өлшенуін, сенімділігін, дәлдігін, уақтылығы мен толықтығын қамтамасыз етеді.
3) Сапаны қамтамасыз ету жүйесін бағалау үшін Университет келесі әдістер арқылы ақпаратты жинауды және талдауды ұйымдастырады:
- мүдделі тараптардың қызмет нәтижелеріне қойылатын талаптарын айқындау;
- мүдделі тараптардың университеттің білім беру қызметтеріне қанағаттануын бағалауды жүргізу;
- университеттің сыртқы және ішкі ортасын талдау.
5) Білім алушылар контингенті туралы статистикалық және анықтамалық есептілікті қалыптастыру, білім алушылар контингентінің қозғалысы туралы бұйрықтарды қалыптастыру АЖД білім алушылар контингентін есепке алу блогымен жүзеге асырылады.
6) Жиынтық емтихан ведомостарын, берешектер тізімін, сессия бойынша есептердің электрондық мұрағатын қалыптастыру сессиялардың нәтижелерін талдау және білім беру процесін жетілдіру туралы шешім қабылдау үшін пайдаланылады және АЖД тіркеушісінің кеңсесі блогымен жүзеге асырылады.
7) Жұмысқа орналастыру процесін талдау және мониторингтеу, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру және мансаптық өсу туралы мәліметтер базасын қалыптастыруды деканаттар/мектептер жүзеге асырады.
8) Негізгі мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен күтулері білім беру саласындағы сыртқы нормативтік құжаттаманы, бірлескен іс-шараларды (практика, семинарлар, кездесулер, бірлескен жобалар және т. б.) өткізу кезіндегі кері байланыс нәтижелерін, сауалнама нәтижелерін талдау жолымен айқындалады. Негізгі мүдделі тұлғалардың қажеттіліктері мен үміттерін анықтаудың негізгі көздері университеттің стратегиялық құжаттарында болуы керек.
9) Тұтынушылық мониторинг процесінде күтілетін сапа мен бар қанағаттанушылықты сенімді өлшеуді қамтамасыз ететін әлеуметтанулық әдістер қолданылады: құжаттарды талдау, білім беру процесіне қатысушылармен сұхбат, жаппай және сараптамалық сауалнамалар, сауалнама.
10) Университет басқарудың әртүрлі деңгейлері, құрылымдық бөлімшелер, ПОҚ және білім алушылар арасында білім беру сапасын қамтамасыз етуге байланысты аспектілер бойынша ақпарат алмасудың тиісті процестерін қолдануды қамтамасыз етеді. Мұндай процестерге сайтты және оның ақпараттық жүйелерін қолдау, корпоративтік электрондық поштаның жұмыс істеуі, кеңестерде/отырыстарда ақпарат беру жатады.
11) Ақпараттың құрылымы мен көлемі, көздері, кезеңділігі, уақыт аралығы, дұрыстығы мен уақтылығына жауапты тұлғалар ішкі нормативтік құжаттамамен айқындалады.
12) Ақпараттың сақталуы пайдаланылатын ақпараттық жүйелердегі рөлдер мен функцияларды бір мәнді бөлумен, вирусқа қарсы бағдарламалардың болуымен, серверлерді жүйелік әкімшілендірумен, серверлердегі резервтік көшіру жүйесімен, жеке тұлғалардың серверлері бар үй-жайға кіруін шектеумен, жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін серверлері бар үй-жайларды техникалық жарақтандырумен қамтамасыз етіледі.
13) Университеттің интернет-ресурстарына рұқсатсыз кірудің алдын алу мақсатында сервистің жұмысқа қабілеттілігіне жауап беретін қызметтердің жай-күйіне мерзімді мониторинг жүргізіледі, пайдаланушылардың ресурсқа және желілік ОЖ-ға кіруіне шектеулер енгізілді.
14) Университеттің барлық білім алушылары және ПОҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оның ішінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өздерінің дербес деректерін өңдеуге келісімдер ресімдейді.