АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ
Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету саласындағы саясат
1) Университеттің білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету саласындағы саясаты «Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігінде (ESG) сапаны қамтамасыз ету жөніндегі стандарттар мен нұсқаулықтар» талаптарын, «Қазақстандық медициналық кеңес «Медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ қағидалары мен стандарттарын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы білім берудің ұлттық саясатын қоса алғанда, жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз етудің халықаралық тәсілдеріне сәйкес келеді.
2) Сапаны ішкі қамтамасыз ету саясаты мен стандарттары университеттің сапаны қамтамасыз етудің логикалық тұрғыдан құрылған және реттелген ішкі жүйенің негізі болып табылады. Бұл жүйе университеттің білім беру процесінің барлық деңгейлерінде сапа мәдениетін дамытуды үнемі жетілдіріп отырады және қолдайды.
3) Білім беру үдерісінің сапа саласындағы саясаты келесі мақсаттарға ие:
- білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесінің жалпы құрылымын анықтайды;
- білім беру сапасын қамтамасыз етуге және жетілдіруге ықпал етеді;
- өзара сенімді қолдайды және білім алушылардың оқу нәтижелері мен ұтқырлығын ұлттық білім беру жүйесі шеңберінен тыс тануға жәрдемдеседі;
- академиялық адалдық пен еркіндікті қамтамасыз етеді;
- білім алушыларға немесе қызметкерлерге қатысты төзбеушіліктің немесе кемсітушіліктің кез келген түрінен қорғауға;
- сапаны қамтамасыз ету процестеріне сыртқы мүдделі тараптармен қатысады.
5) Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету саласындағы саясат «ҚМУ» КеАҚ сапа менеджменті жүйесі (ISO 9001:2015) шеңберінде әзірленген.
6) Университет Ұлттық білім беру жүйесінің мынадай деңгейлері бойынша кадрлар даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асырады: техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ), орта білімнен кейінгі білім беру, бакалавриат, интернатура, магистратура, резидентура, докторантура, қосымша білім беру, Дублин дескрипторларының біліктілік талаптарына, еуропалық және ұлттық біліктілік шеңберлеріне сәйкес, кредиттерді қайта есепке алу мен жинақтаудың Еуропалық жүйесін (ЕСТЅ) енгізеді.).
7) «ҚМУ» КеАҚ Білім беру үдерісінің сапасын қамтамасыз ету саласындағы саясатының міндеттері:
- университет білім алушылары үшін кәсіби және жеке қасиеттерін, азаматтық ұстанымы мен патриотизмін дамыту, шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін орта құру;
- білім беру сапасының кепілдігін қамтамасыз ету мақсатында білімнің, ғылым мен практиканың интеграциясы;
- тиімді кадр саясатын құру;
- студентке орталықтандырылған оқытуды ұйымдастыру;
- білім беру процесінің ашықтығы мен айқындығы қағидатын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасауға және академиялық адалдықты қолдауға бағытталған шараларды қабылдауға және нығайтуға жәрдемдесу;
- сапаны сырттай қамтамасыз етуден өту.
- білім беру бағдарламаларын (ББ) жетілдіру, ББ әзірлеу және жаңарту кезінде тәуекелдерді басқару;
- практика базаларын кеңейту;
- оқу процесін жетілдіру үшін материалдық-техникалық базаны өсіру;
- оқытудың тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану;
- білім алушыларды білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және сапасын бағалауға тарту жүйесін жетілдіру;
- халықаралық тәжірибені білім беру жүйесіне интеграциялау мақсатында халықаралық қатынастарды кеңейту есебінен білім беруді интернационалдандыру;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін құру, плагиатты жою және ғылыми, теориялық және практикалық әзірлемелердің бірегейлігі мен студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, интерндер мен резиденттерді, қосымша білім беру тыңдаушыларын оқыту нәтижелерін қамтамасыз ету бойынша тетіктерді енгізу;
- университет білім алушыларына немесе қызметкерлеріне қатысты төзімсіздік пен кемсітушіліктің кез келген түріне жол бермеу;
- оқытудың икемді траекторияларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, білім алушыларды әртараптандыруды және олардың қажеттіліктерін тану мен есепке алуды енгізу;
- оқытуда жеке тұлғаға бағытталған тәсілді енгізу;
- білім алушылардың оқуын дараландыру мүмкіндігін және білім беру бағдарламасын меңгеру, сондай-ақ оқыту аяқталғаннан кейін білім беру және кәсіптік стандарттарға, қазақстандық және халықаралық талаптарға толық сәйкес біліктілікті (дәрежені) алу үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету;
- оқыту, ғылыми және клиникалық зерттеулер мен оқыту арасындағы өзара іс-қимылды іске асыру;
- білім алушылардың білім сапасына, әкімшілік-шаруашылық жағдайларына, оқыту деңгейіне, практиканы ұйымдастыруға қанағаттану дәрежесіне; профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің еңбек жағдайларына қанағаттану дәрежесіне, университет түлектерінің дайындық сапасына жұмыс берушілердің қанағаттану деңгейіне тұрақты түрде бағалау жүргізу;
- білім алушылардың жетістіктерін бағалаудың тиімді және ашық жүйесін құру;
- білім беру бағдарламаларының сапасын бағалаудың сыртқы жүйесін пайдалану: білім беру бағдарламаларын іске асыру сапасы мен мазмұнының халықаралық талаптарға сәйкестігін растайтын білім беру бағдарламаларын аккредиттеу, рейтингтерге қатысу;
- тәрбие жұмысында жүйелі тәсілді іске асыру, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту;
- көптілді білім беруді енгізу және іске асыру.
10) Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету саласындағы саясаты басқарудың барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады, сондай-ақ қажет болған жағдайда талдауға және қайта қарауға болады.