АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ
Білім беру бағдарламасы
1) «ҚМУ» КеАҚ техникалық және кәсіптік білімнің (ТжКБ), орта білімнен кейінгі білімнің, бакалавриаттың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады.
2) «ҚМУ» КеАҚ ұсынатын білім беру бағдарламалары модульдік оқыту принциптері, әдістемесі және әзірлеу тәртібі негізінде әзірленеді, бұл ретте оқыту нәтижелерінің тиімділігіне білім беру бағдарламаларының өзі де, оқу жоспарлары да, оқу пәндері де модульдік қағидат бойынша қалыптастырылатын кешенді тәсілді сақтау арқылы қол жеткізіледі.
3)«ҚМУ» КеАҚ дайындық бағыттарының жіктеуішіне сәйкес білім беру бағдарламалары топтары шеңберінде білім беру қызметін жүргізу құқығына арналған лицензияға сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлейді.
4) Білім беру бағдарламаларын мектептер Ұлттық біліктілік шеңберіне, кәсіби стандарттарға, Дублин дескрипторларына және Еуропалық біліктілік шеңберіне сәйкес әзірлейді.
5) «ҚМУ» КеАҚ барлық білім беру бағдарламалары белгіленген тәртіппен ішкі және сыртқы сараптамадан өтеді және білім беру бағдарламаларының ұлттық тізіліміне енгізіледі.
6) ББ шеңберінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу және білім беру қызметіне мониторинг жүргізу процесіне барлық мүдделі тараптар, оның ішінде білім алушылар мен жұмыс берушілер қатысады.
7) «ҚМУ» КеАҚ-да білім беру бағдарламаларын әзірлеудің негізгі принциптері:
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудағы әлемдік трендтерге бағдарлану: мультидисциплинарлық, студентке бағдарлану, инновация, жүйелі ойлау мен әлеуметтік коммуникацияны қалыптастыруға бағдарлану;
- Ұлттық трендтерге бағдарлану – интернационалдандыру, білім беруді, ғылым мен өндірісті интеграциялау, цифрландыру, рухани жаңғыру;
- университеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі.
9) Білім беру бағдарламасын әзірлеу кезінде мынадай факторлар ескерілуі тиіс: кадрлармен қамтамасыз ету, білім беру бағдарламасын ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, практика базаларымен қамтамасыз ету, ББ іске асыру процесін ақпараттық қолдау, ББ іске асырудың әдістемелік қамтамасыз етілуі.
10) Білім беру бағдарламаларын «ҚМУ» КеАҚ басқару органы белгіленген тәртіпке сәйкес бекітеді.
11) Білім беру бағдарламаларының тізбесі белгіленген тәртіпке сәйкес «ҚМУ» КеАҚ басқару органында тұрақты түрде қайта қаралады және бекітуге ұсынылады.
12) Білім беру бағдарламасы басқарманың ұсынысы бойынша Директорлар кеңесінің шешімі бойынша «ҚМУ» КеАҚ іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізбесінен шығарылуы мүмкін: 1) оны іске асырудан бас тартқан кезде; 2) өткізілген 3 жыл ішінде ББ-ға талапкерлерді қабылдау болмаған жағдайда; 3) аккредиттеуден өтудің теріс қорытындысы болған кезде.
13) Егер ББ сапасын сыртқы немесе ішкі бағалау рәсімдерінің кез келгені нәтижесінде іске асырылатын ББ сапасының төмендігі туралы қорытынды алынса, Сенат білім беру бағдарламаларының тізбесінен шығару туралы мәселені Басқарма отырысының қарауына беруге құқылы.
14) Білім алушыларды пәндерге тіркеу және жеке оқу жоспарларын қалыптастыру аяқталғаннан кейін білім беру бағдарламасының мазмұнын өзгертуге (пәндерді өзгертуге) жол берілмейді. Білім беру бағдарламасына өзгерістер енгізу (өзектендіру) белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Өзектендірілген ББ іске асыру келесі оқу жылынан ерте жүргізілмейді.