Ғылыми-зерттеу зертханасы
Зертхана отандық және шетелдік ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындары ғалымдарының ғылыми зерттеулерді іске асыруына жәрдемдеседі
Басым міндеттер:
- Ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды, оның ішінде ғылыми және технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша іргелі, қолданбалы жобаларды іске асыруға жәрдемдесу, ғылыми бағыттардың тиісті саласында магистрлік, докторлық диссертациялық жұмыстарды дайындауға жәрдемдесу;
- Жаңа білім мен технологияны тарату;
- ҒЗТКЖ-ға студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, жас ғалымдарды тарту;
- Отандық және шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
- Жоғары технологиялар секторына инвестициялар тарту мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау;
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизімдерін дамытуға жәрдемдесу;
- Ғылыми және ғылыми-техникалық сипаттағы міндеттерді шешу үшін аспаптар мен жабдықтарды тиімді пайдалану;
- Халықаралық ғылыми-техникалық қызметке қатысу.
Ғылыми-зерттеу зертханасы мүмкіндіктерін бірлесіп пайдалану медицина және биология саласындағы заманауи технологияларды пайдалана отырып, өзекті заманауи проблемаларды шешуге қазақстандық зерттеушілердің күш-жігерін шоғырландыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.