Әскери кафедра

Жиенбаев Бауржан Акимжанович
Кафедра басшысы
Жиенбаев Бауржан Акимжанұлы
+7 7212 503930, ішкі.1403

Әскери кафедра медицина қызметінің жоғары білікті запастағы офицерлері мен запастағы сержанттарын даярлайды.

Студенттердің әскери және бейбіт уақыт жағдайында емдеу-эвакуациялық, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің дағдыларын дамытуға көп көңіл бөлінеді.

Әскери дайындық бойынша оқу бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер кешенді бітіру емтиханын тапсырады және әскери ант қабылдайды.

Кафедрада оқу орындарының саны шектеулі. Қабылдау студенттің орташа балын қоса алғанда, конкурстық негізде жүргізіледі!

Әскери кафедрада оқудың артықшылықтары:

  • Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін диплом ғана емес, сонымен қатар «запастағы офицер» немесе «запастағы сержант» екеніңізді растайтын әскери билет аласыз.
  • Әскери кафедрада оқу теориялық және практикалық бөлімнен тұрады. Теория әдеттегі дәрістер, семинарлар және практикалық сабақтар түрінде оқытылады және саптық дайындықты зерделеумен кезектеседі. Практикалық бөлім қару-жарақпен танысуды және атыс жаттығуларын қамтиды.
  • Оқу соңында студенттер оқу-жаттығу жиынына жіберіледі (5 апта).
  • Жиыннан өткеннен кейін студенттер емтихан тапсырады, әскери ант қабылдайды. Оларға запастағы әскери қызметші атағы беріледі.

Әскери кафедра әскери-есептік мамандықтар бойынша запастағы офицерлер мен сержанттарды дайындайды:

  • Офицерлер – «Жер үсті әскерлеріндегі емдеу ісі» (тегін және ақылы негізде);
  • Офицерлер – «Психологиялық жұмысты ұйымдастыру» (ақылы негізде);
  • Сержанттар – «Орта медициналық мамандар» (ақылы негізде);
  • Сержанттар – «Атқыштар (бөлімше командирі)» (ақылы негізде).

Әскери кафедрада оқу мерзімі:

  • Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша – 2 жыл;
  • Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша – 1 жыл.

1979-2023 жылдар аралығында 22000-нан астам запастағы офицерлер мен 240 запастағы сержанттар дайындалды.

Ғылым

Кафедрада әскерлер мен емдеу мекемелерінде практикалық тәжірибесі бар отставкадағы запастағы офицерлер жұмыс істейді.

Кафедраның оқытушылары халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық, интернет-конференцияларға белсенді қатысады, олар 100-ден астам ғылыми мақалалар мен тезистерді, оның ішінде импакт-факторы бар шетелдік басылымдарда 5 мақала жариялады, 1 патент, авторлық құқық нысанына құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 5 куәлік алды.

Республикалық деңгейде орыс және қазақ тілдерінде 28 оқулық пен оқу құралы баспаханалық тәсілмен шығарылды.

Түсу ережелері

Конкурсқа қатысуға конкус өтетін жылы 24 жастан үлкен емес жастағы күндізгі оқу түрінде оқитын студенттер, Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.

Білім алушыларды іріктеу үшін конкурс 4 кезеңде жүзеге асырылады:

  • I кезең – əскери-дəрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сəйкес медициналық куəландырудан өту;
  • II кезең – кəсіби-психологиялық тестілеуді өткізу;
  • III кезең – дене дайындығын тексеру;
  • IV кезең – əскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы.

Əскери кафедра құжаттарды қабылдауды конкурс өткізетін жылы 1 ақпан мен 25 мамыр аралығында жүзеге асырады: Ол үшін төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Өтініш;
  2. Жеке куəлік (түпнұсқасы мен көшірмесі);
  3. Тіркеу куəлігі немесе əскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі);
  4. 3х4 өлшемді 2 фотосурет;
  5. Сотталғанының жəне əкімшілік құқық бұзушылықтарының жоқ екендігі туралы анықтама;
  6. Спорттық жетістігін растайтын құжат (бар болса).
  7. Студенттің нақтылы оқитыны туралы мектеп (факультет) деканы қол қойған анықтама.

Тарихы кафедра

ҚММУ әскери кафедрасы КСРО ДСМ-нің 1949 жылдың 5 желтоқсанындағы №19630-Р ұйғарымы бойынша 1950 жылы құрылған.

Кафедраның бірінші бастығы (1950-1962 жж.) ҰОС қатысушы, Ленин, Қызыл Ту, Ұлы Отан соғысы, Қызыл Ту және КССРО-ның басқа да көптеген жауынгерлік наградаларының толық дәрежелі иегері, медицина қызметінің полковнигі Н.И.Смердов болды.

  • 1962 жылдан 1974 жылға дейін кафедраны м/қ полковнигі, ҰОС қатысушысы, Қызыл Жұлдыз ордендерінің, Отан соғысы және КСРО жауынгерлік медальдарының иегері Махов Михаил Константинович басқарды.
  • 1974 жылдан 1981 жылға дейін кафедра бастығы м/қ полковнигі, ҰОС қатысушысы, Қызыл Жұлдыз ордендерінің, Отан соғысы және КСРО жауынгерлік медальдарының иегері Ефимов Петр Иванович болды.
  • 1981 жылдан 1993 жылға дейін кафедра бастығы – м/қ полковнигі Пахунов Олег Федорович.
  • 1993-1994 жылдары кафедра бастығы – м/қ полковнигі Дәулетов Асқарбек Омарұлы.
  • 1994 жылдан 2003 жылға дейін кафедра бастығы – м/қ полковнигі Батпаев Виктор Кургаспаевич.
  • 2003 жылдан 2007 жылға дейін кафедра бастығы лауазымын уақытша атқарушы – м/қ полковнигі Ионов Сергей Александрович.
  • 2007-2018 жылдары кафедра бастығы – м/қ полковнигі Мұхаметжанов Амантай Мұқанбайұлы, медицина ғылымдарының докторы, РЖА академигі. 2018 жылдан 2019 жылға дейін – әскери кафедра меңгерушісі – запастағы м/қ подполковнигі Асқаров Болатбек Сатыбалдинұлы.
  • 2019 жылдан бастап әскери кафедраның басшысы запастағы полковник Бауржан Әкімжанұлы Жиенбаев болып табылады.
История

Кафедра жаңалықтары