«Зерттеулер мен инновациялар»
II Халықаралық биомедициналық форумы
ТЕЗИСТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Жарияланатын тезистердің тақырыбы форумның ғылыми бағыттарына сәйкес келуі тиіс.
Тезистерді ұсыну тілі – ағылшын тілі.
Тақырыпта келесі ақпарат көрсетілуі қажет:
- Автордың Т.А.Ә.;
- Тезис атауы;
- Әр автордың ұйымының толық атауы және мекенжайы;
- Редакциямен байланысқа жауапты автор бөлек көрсетіліп, оның байланыс электрондық поштасы және ұялы телефон нөмірі берілуі тиіс.
Тезистің мазмұнында келесі бөлімдер қамтылуы қажет: зерттеудің өзектілігі; зерттеудің мақсаты; зерттеу материалдары мен әдістері; нәтижелері; қорытындылары. Сонымен қатар, 5-6 түйін сөз жеке көрсетілуі қажет. Пайдаланған әдебиет көздеріне суреттерді, кестелерді және сілтемелерді пайдалануға жол берілмейді.
Тезистер Word мәтіндік редакторында, Times New Roman қарпімен терілуі тиіс. Тезис мәтінінің көлемі (авторлардың аты-жөні, тақырыбы, аффилиациясы және түйін сөздерді қоспағанда) бос орындарымен бірге кемінде 3 000 таңба және 5 000 таңбадан аспауы тиіс.
Тезистерді 2026 жылдың 1 қазанына дейін (қоса алғанда) ұйымдастыру комитетінің электронды мекен-жайына conference.kmu@gmail.com жіберу қажет.
Тезистер орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық қатесіз және сауатты жазылуы тиіс. Автор тезистің ғылыми мазмұны мен материалдың баяндалуына жауапты.
Форумның тақырыбына және көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ белгіленген көлемнен аз тезистер қарастырылмайды.