Сіз жігерлі және таланттысыз ба?
Студенттік бірлестіктер
«Самұрық» студенттік Республикасы (бұдан әрі – «Самұрық» СР) «ҚМУ» коммерциялық емес акционерлік қоғамының студенттік өзін-өзі басқарудың алқалы органы болып табылады. «Самұрық» СР мүшелерінің негізгі қызметі ЖОО басшылығына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға, университет миссиясын орындау үшін студенттік қоғамдастықты шоғырландыруға жәрдемдесу.
«Самұрық» СР ЖОО-ның барлық бөлімшелерімен өзара әрекеттеседі, университет басшылығымен практикалық іс-қимылдарды келісе отырып, жастармен жұмыс жасау бөлімімен ынтымақтасады.
«Самұрық» СР университеттің барлық студенттерін, соның ішінде колледж, бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура студенттерін ұсынады.
«Самұрық» СР Президенті - Досмағамбетов Арыстан Бауыржанұлы
Қазақстан Республикасының медицина студенттерінің мүдделерін ұсынатын тәуелсіз коммерциялық емес саяси емес қазақстандық медициналық студенттер қауымдастығы.
«KazMSA» мақсаты – Қазақстан және өзге шет ел университеттерімен, ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық.
Жетекшісі - Ирискулов Хавас Фархадұлы
Ғылыми клубтар
студенттердің жалпы және клиникалық хирургия бойынша кәсіби дағдыларын дамыту, заманауи хирургияның жаңа әдістері мен технологияларын меңгеру, жалпы және клиникалық хирургияда жаңа бағыттарды іздеу, зерттеу және әзірлеу мақсатында хирургия кафедрасының университет базасындағы студенттердің қоғамдық бірлестігі.
Үйірмеге қатысушылар импровизацияланған операция бөлмесінде эксперименттік және ғылыми қызмет жүргізеді. Оқу жылы ішінде «Lumos» тобы хирургия бойынша түрлі олимпиадаларға қатысады.
Жетекшісі - Қапанова Аяна Ерболатқызы
Пікірталас клубтары
Волонтерлік ұйымдар
Вокалдық үйірмелер
халық және заманауи әндерді орындаушы топ. Олардың музыкалық қойылымы ежелгі дыбыстардың үйлесімділігін заманауи аранжировкалармен үйлестіреді, әр әнге ерекше сипат береді. Қатысушылардың дауыстарының үйлесімділігіне, олардың эмоцияларды жеткізу және тыңдаушылар үшін музыкалық саяхат жасау қабілеттеріне назар аударылады. Баян және домбыра сияқты аспаптар тыңдаушыларды музыканың уақыты мен стилі арқылы тасымалдайтын ерекше атмосфера жасайды.
Жетекшісі - Орынбасар Ерболат
есту мен ырғақ сезімін дамыту, есте сақтау қабілетін жақсарту, импровизация қабілетін дамыту, сөйлеу белсенділігіне ынталандыру, тыныс алуды қалыпқа келтіру қаситтеріне дағдылайтын вокалдық үйірме.
Вокалдық музыка - бұл дауысы басым немесе аспаптармен тең, сүйемелдеуімен немесе акапелламен тең музыка
Жетекшісі - Серік Роза Арманқызы
Хореографиялық бірлестіктер
Хореографиялық өнер қимылдардың әсемдігі мен мәнерлеуін үйрететін, мүсін қалыптастыратын, дене күшін, төзімділікті, ептілік пен батылдықты дамытатын «New wave» заманауи би үйірмесі.
Би сабақтары күш-жігерді, қарым-қатынасты дамытуға және шығармашылықты дамытуға шеберлендіреді.
Жетекшісі - Әлімұқанов Әлішер
Шығармашылық үйірмелер
Поэзияны жақсы көруші және қазақ ақындарының шығармашылығымен танысқысы келетіндерге арналған «Жыр жауһар» студенттік поэтикалық және авторлық клубы. Клубта әуесқой ақындардың эстетикалық қажеттіліктерін қамтамасыздандыру және поэтикалық жанрды насихаттау жағдайлары жасалған.
Жетекшісі – Берістем Бекзат Кенжебекұлы