Морфология кафедрасы

Медеубаевна Лейла Стабаева
Кафедра меңгерушісі
Медеубаевна Лейла Стабаева
+7 7212 503930, iшкi. 1584

Кафедра адам анатомиясын оқытуды қамтамасыз етеді. Оқу базасында оқушылар морфологиялық зерттеудің дәстүрлі және заманауи әдістерін меңгереді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қалалық клиникалардың патологиялық-анатомиялық бөлімшелерінде консультациялық-диагностикалық жұмысты тұрақты жүзеге асырады.

Морфология кафедрасының қызметкерлері 25-тен астам кітап, 3 атлас және 30-дан астам оқу-әдістемелік құралдар шығарды.

Білім алушыларда кафедра жүйелі түрде өзіндік жұмыс істеу, ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру қабілеттерін қалыптастырады. Ғылыми ізденіс үш ғылыми студенттік қоғам базасында жүргізіледі.

Кафедра ұжымы 36 адамнан тұрады.

Ғылыми қызмет

Кафедраның негізгі ғылыми бағыттары алдымен коллатеральды қан айналымы және симпатикалық жүйке жүйесінің топографиялық анатомиясы, заманауи хирургия мен Радиобиологияның өзекті мәселелері болды: жедел хирургиялық инфекцияны (перитонит және т.б.) емдеу мен алдын алудың жаңа әдістерін іздеу және әзірлеу. Кафедра қызметкерлері бір уақытта бірнеше бағыт бойынша зерттеулер жүргізді: әртүрлі метаболизмдік және патофизиологиялық бұзылулардың патогенезін, микроциркуляция мен гемодинамиканың өзгеруін, иммунологиялық реактивтілікті және осы патологиялық үрдістердегі әртүрлі мүшелердің морфологиялық жағдайын зерттеу.

Экспериментте бір мезгілде эндогендік интоксикация синдромын, микроциркуляциялық иммунологиялық және гемодинамикалық бұзылуларды түзету және емдеу әдістері (экстракорпоральды детоксикация әдістері, репаративті процестерді ынталандыру және перитонит жағдайында тігістердің жаңа әдістерін жасау) зерттелді және клиникада сыналды, іріңді-септикалық және сәулелік зақымдануларда эндоваскулярлық лазерлік қан терапиясын қолдану мүмкіндіктері зерттелді.

Сондай-ақ мынадай ғылыми бағыттар зерттелді: ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелеріне ірі хирургиялық араласулардың әсері және түзету терапиясының ең оңтайлы нұсқаларын әзірлеу; қоршаған ортаның зиянды факторларының әсері жағдайында резекцияның әртүрлі нұсқаларынан кейін мүшелерге компенсаторлық-қалпына келтіру үрдістерін зерттеу; заманауи хирургия мен радиологияның өзекті мәселелері, радиациялық зақымдану кезінде қанның тамырішілік лазерлік терапиясын қолдану мүмкіндіктері зерттелуде резекцияның әртүрлі нұсқаларынан кейін шаңданған өкпенің зақымдануы және репаративті регенерациясы; бауыр жасушаларына микротолқынды сәулеленудің митогендік және мутагендік әсерін цитологиялық бағалау. Г.У Жанайдарова «Эмбриональный и ранний постнатальный гистогенез сердечной мышцы при антенатальной интоксикации этанолом»; кандидаттық диссертациялар: М.М. Тусупбекова, В.А. Югай, Э.А. Надиров, П.М. Коваленко, Б.Х. Мадиева, В.И. Медведев.

Перинатальды интоксикация тақырыбына Р.Ж. Есимованың, К.Т. Нурсейтованың және т.б жұмыстары арналған. Профессор А.В. Куркиннің жетекшілігімен аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертациялар қорғады: Унисьянова М.М., Кочерыжкина Н.А., Абзалиев К.А., Акашев Г.В., Рыбалкина Д.Х. және «Реактивность системы моноцит-макрофаг соединительной ткани при обезвоживании организма и коррекции гомеостаза антиоксидантами» тақырыбы бойынша Прошина Л.Г. докторлық диссертациясын қорғады. М.М. Тусупбекова докторлық диссертациялары орындалып қорғалды – «Сравнительная патология почек плодов и новорожденных при осложненной беременности у женщин центрального Казахстана». Р.Ж. Ныгызбаева «Өкпе саркоидозы мен туберкулездің дифференциальді диагностикасының клиника-морфологиялық алгоритмі» тықырыбында, И. Мухаммада «Histopathological assessment of pre- and post-placental malperfusion for preeclampsia» тақырыбында, С.Н. Журавлев «Патоморфологические критерии оценки артериовенозной мальформации сосудов головного мозга» тықырыбында магистрлық дисертациялар қорғалды, соны қатар докторлық диссертациялар Е.К. Камышанский «Диагностическая значимость CD15-иммунофенотипирования в оценке антенатальной плацентарной недостаточности» тақырыбында, Л.М. Стабаева «Саркоидозбен өкпенің шашыранды ауруларының торакобиопсиялық материалдары бойынша клиника-морфологиялық дифференциалды диагностикасы» тақырыбында қорғалды.

Студенттік ғылыми үйірмелер

Студенттердің жүйелі өзіндік жұмыс істеу қабілетін дамыту, ғылыми зерттеу әдістемесін меңгеру, ғылыми ізденіс жүргізу үш ғылыми студенттік қоғам базасында жүргізіледі.

Білім беру қызметі

Оқу үрдісінде компьютерленген «Leica Microsystems» микроскоп гистологиялық препараттардың түрлі-түсті микросуреттер түсіретін, мультимедиялық жүйелер, оқу үрдісіне арналған бейнефильмдер және оқытудағы инновациялық технологиялар PBL, CBL, TBL, майнд-мэпинг қолданылады.

  • 6В10102-Жалпы медицина
  • 6В10102-Медицина (ҮИМББ)
  • 6В10102-Медицина
  • 6В10108-Педиатрия (ҮИМББ)
  • 6В10108-Педиатрия
  • 6В10122-Стоматология (ҮИМББ)
  • 6В10122-Стоматология
  • 6В10103-Фармация
  • 6В101100-Мейіргер ісі
  • 6В05101-Биомедицина
  • 6В10106-Қоғамдық денсаулық
  • 6В10111-IT-Медицина
  • 5В110300-Медико-профилактикалық іс (ҮИМББ)

Анатомия және топографиялық анатомия блогы, гистология блогы, патологиялық анатомия блогы «Топографиялық анатомия», «Анатомия», «Жүйке жүйесі», «Сезім мүшелері», «Эндокриндік жүйе», «Тынысалу жүйесі», «Асқорыту жүйесі», «Метаболизм және энергия», «Зәр шығару жүйесі», «Репродуктивті жүйе», «Жалпы патология», «Қан түзуші жүйесі», «Тірек-қимыл жүйесі», «Жүрек-қантамырлар жүйесі, лимфа жүйесі», «Қозғалыс және қолдау. Қаңқа-бұлшықет жүйесі», «Респираторлы жүйе», «Бас пен мойынның топографиялық анатомиясы», «Адамның топографиялық анатомиясы», «Бас пен мойынның клиникалық анатомиясы», «Жалпы және жеке тіс анатомиясы», «Адам анатомиясы», «Анатомия негіздерімен физиология», «Анатомия, физиология», «Модуль Тіршілік әрекетінің морфологиялық негіздері (Жасушалар мен тіндердің құрылымдық-функционалдық сипаттамасы, Мүшелердің құрылымдық-функционалдық сипаттамасы)», «Модуль Морфология (Анатомия, Гистология, Физиология)», «Ауру және денсаулық», «Гистология және цитология», Қаңқа-бұлшықет жүйесі», «Жасушалық-тіндік негіздер», «Өмірлік белсенділіктің жасушалық негіздері», «Жүрек-қантамырлар, лимфа және иммундық жүйелер», «Эмбриогенез. Репродуктивті жүйе. Генетика», «Гистология», «Адам эмбриологиясымен гистология», «Клиникалық патоморфология», «Сот медицинасы», «Медициналық құқық», «Мүшелер мен жүйелердің патологиясы», «Ауыз қуысының патологиясы», «Тіс-жақ жүйесі ауруларының құрылымдық негіздері», «Клиникалық патоморфология», «Ауыз қуысы ісіктерінің, сілекей безі, ерін және тіл ауруларының патологиясы», «Патология», «Патология негіздері»

Клиникалық қызмет

Кафедраның ұсынымдары бойынша клиникалық қызметке тәжірбие енгізілді «Макроскопического исследования и вырезка слюнных желез», «Патологиялық анатомия бойынша емтихандық тексеру-парағы», «Жүктіліктің физиологиялық ағымындағы және преэклампсия кезіндегі плаценталардағы тамырлы мальперфузиялардың морфологиялық критерийлері.

Кафедрамен ресейлік профессор В.А. Цинзерлингпен бірлесіп өткізген ана мен бала денсаулығын сақтаудың өзекті мәселелеріне арналған мастер-класс ерекше қызығушылық тудырды.

Клиникалық базалар:

  • КМК «Областық клиникалық аурухана»;
  • ШЖҚ КМК «Проф. Х.Ж. Макажанов атындағы көпсалалы аурухана»;
  • КеАҚ «ҚМУ» клиникалары;
  • КМК «Областық балалар ауруханасы»

Кафедра тарихы

  • 1951 жыл – 4 кафедра ұйымдастырылды: гистология, патологиялық анатомия, қалыпты анатомия, топографиялық анатомия және и оперативті хирургия.
  • 2007 жыл – қалыпты анатомия кафедрасы топографиялық анатомия және и оперативті хирургия кафедрасымен біріктірілген.
  • 2023 жыл – патологиялық анатомия, гистология және анатомия кафедралары біріктірілген, морфология кафедрасы құрылды.

Патологиялық анатомия кафедрасы 1951 жылы ұйымдастырылған, кафедраның бірінші меңгерушісі профессор Сергей Федорович Серов болды, Қарағанды көмір бассейінінің шаңды патологиясының патоморфологиялық аспектілерін зерттеушілердің бірі.
Кейіннен әр жылдары кафедра меңгерушісі проф. Х.С. Нугманова (1956-1975ж.), проф. А.Э Шкутин (1975-1985ж.), доц. Р.Х. Акимжанов (1985-1996ж.), гистология мен патологиялық анатомия кафедраларын біріктіргеннен кейін патологиялық анатомия курсын доцент М.Т. Айткулов (1996-98ж.) басқарды. 1998 жылдан 2018 жылға дейін кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Тусупбекова Майда Масхаповна басқарды. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап кафедраны PhD Л.М. Стабаева басқарады.

Анатомия блогы

Топографиялық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасы 1951 жылы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі профессор А.И. Лаббок. 1952 жылдан 1960 жылға дейін кафедра меңгерушісі Е.М. Медведев болды. 1962 жылдан 1971 жылға дейін кафедраны қайта профессор А.И. Лаббок басқарды. 1971 жылдан 1976 жылға дейін, содан кейін 1984 жылдан 1989 жылға дейін кафедраны, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қарағанды ​​мемлекеттік медицина институтының ректоры (1984-1989 жж) Н.А. Хлопов басқарды. 1990 жылдан бастап кафедра осы кісінің атымен аталады. 1976 жылдан 1984 жылға дейін кафедраны Республиканың еңбек сіңірген дәрігері, м.ғ.д., профессор Т.Г. Чернов басқарды. 1990-1992 жылдары кафедра меңгерушісі м.ғ.д. П.С. Сычев болды. 1993-1996 жылдары доцент Ш.К. Базарбеков. 1996 жылдан 2007 жылға дейін кафедраны доцент К.К. Капенова басқарды.
Қалыпты анатомия кафедрасының іргесін қалаушы медицина ғылымының докторы, профессор Моисей Маркович Тростанецкий (1950 ж.). Сол жылы анатомиялық мұражай да құрылды. 1951 жылы кафедраның меңгерушісі медицина ғылымының докторы, профессор Абрам Иосифович Лаббок болды. 1951 жылдың сәуірінен 1964 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымының докторы, профессор Зиновий Герасимович Слободин қызмет етті. 1964 жылдан 1969 жылға дейін қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі болып медицина ғылымының докторы, профессор Белла Михайловна Эрез қызмет етті. 1969 жылдан 1990 жылға дейін кафедраны медицина ғылымының докторы, профессор Любовь Сергеевна Кочкина басқарды.1990 жылдан 2007 жылға дейін қалыпты анатомия кафедрасын медицина ғылымының кандидаты, доцент Мухамедия Ермекович Тебенов басқарды.
2007- 2008 оқу жылында қалыпты анатомия кафедрасы топографиялық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасымен қосылды. 2007 жылдан 2008 жылға дейін анатомия кафедрасын медицина ғылымының кандидаты, доцент Қамария Кабдешовна Капенова басқарды. 2008 жылдан 2009 жылға дейін анатомия кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушысы аға оқытушы Қарлығаш Кайырбековна Кайырбекова болды. 2009 жылдан 2010 жыл аралығында кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы болып, медицина ғылымының кандидаты, доцент Ауэзхан Омарханович Омарханов тағайындалды. 2010-2023 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі м.ғ.к. Нұрлан Нығметұлы Наурызов болды.

Гистология блогы

Гистология кафедрасы 1951 жылда құрылған. 1950 жылдары ҚММИ-дің бірінші ректоры Петр Мойсеевич Поспеловтың шақыруымен Қарағандыға Қазаннан А.А. Зорина келіп және гистология бөлімін басқарды. 1981 жылдан 2012 жылға дейін кафедраны профессор А.В. Куркин (1941 ж.т.) басқарды. Медицина ғылымдарының докторы (1974 ж.), диссертация тақырыбы «Калькулёзный пиелонефрит у детей», профессор (1977ж.). А.А Зоринаның жетекшілігімен гистология пәні бойынша 20 кандидаттық диссертация қорғалған, 270-тен астам ғылыми мақалалар жарыққа шыққан. 1960 ж. кафедрада аспирантура құрылды. А.В. Куркиннің жетекшілігімен 25 диссертация (3 докторлық және 22 кандидаттық) дайындалған және қорғалған, 2 монография басылып шығарылған, 400 астам ғылыми мақала жарыққа шыққан, өнерттануға патент алынған. 2 адам магистратура бітіріп, магистрлік диссертацияларын қорғады. Автор Халықаралық және республикалық баспасөзде жарияланған 250-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектердің, 3 монографияның, «Гистология» бойынша типтік оқу бағдарламаларының авторы. Қазақ медицина академиясы жанындағы докторлық диссертациялық кеңестің мүшесі (Астана қ.). Бірқатар оқушылары ТМД елдері мен Қазақстан Республикасындағы ғылыми ұжымдарды басқарады.

История

Кафедра жаңалықтары