ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес
Өзіндік үлгідегі дипломдарда тиісті ресімдеу және қорғау белгілері, бірегей жасалған сәйкестендіру нөмірі және QR-коды болады.
Өзіндік үлгідегі дипломда институционалдық аккредиттеу жөніндегі аккредиттеу агенттігінің логотипі орналастырылады. Өзінің және мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарға қосымшалар бланкісінде мәлімделген білім беру бағдарламаларын аккредиттеген аккредиттеу агенттігінің логотипі болады.
Дипломның сәйкестендіру нөмірі ұлттық білім беру деректер базасында (ҰБДБ) сақталады, 2024 жылдан бастап сәйкестендіру нөмірін генерациялау Жоғары білімнің бірыңғай платформасы (ЖББП) базасы арқылы жүзеге асырылады және дипломның нақты иесіне бекітіледі.