САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ


Флаг

Миссиясы

Ғылым, білім және тәжірибеде жақсы жетістіктерге қол жеткізу арқылы қоғамның дамуы, Қазақстан халқының денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту.

Болашақты болжау

Қазақстандық қоғамның игілігі үшін қызмет ететін әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті.

Құндылықтар

  • Дәстүрлер
  • Академиялық адалдық
  • Кәсіпқойлық
  • Инновациялар
  • Азаматтық және әлеуметтік жауапкершілік

Сапа саласындағы саясатты қабылдай отырып «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ басшылығы келесі міндеттемелерді өзіне жүктейді:

  • Барлық қызығушылық танытқан елдердің талаптары мен болжамдарына жауап беретін, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі үшін жоғары деңгейде мамандар дайындығын қамтамасыз ету бойынша;
  • Білім беру, ғылыми, клиникалық және инновациялық қызметтердің ішкі және сыртқы нарығында ЖОО-ң жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша;
  • Көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және қызметіндегі шығындарды төмендету мақсатында университет инфрақұрылымын тұрақты түрде жақсарту және жаңартып отыру бойынша;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасы мен басқа да мүдделі тараптардың талаптарына сәйкес жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу бойынша;
  • Тұтынушылардың және басқа да мүдделі тараптардың қанағаттанушылығын арттыру мақсатында сапа менеджменті жүйесін тұрақты түрде жетілдіру бойынша.

Сапа саласындағы саясатты қабылдай отырып, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ басшылығы өз қызметінің негізгі қағидаттарын ресми мәлімдейді:

  • Стратегиялық жоспарлау және «ҚМУ» КеАҚ даму стратегиясын жүзеге асыру;
  • Қарқынды дамушы және табысты зерттеу қоғамдастығын қалыптастыру;
  • Тұтынушылардың (тұлға, қоғам, ұйым, мемлекет) көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттанушылығы;
  • Университеттің басқарушылық құрылымында студенттік өзін-өзі басқаруды және студенттер өкілдігін дамыту;
  • Көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту үшін инновациялық технологияларды дамыту;
  • Кадрлық ресурстарды дамыту;
  • Ұжымдық мәдениет пен сапа мәдениетін дамыту;
  • Ұлттық және халықаралық деңгейде әріптестік қарым-қатынастарды дамыту және нығайту;
  • Материалдық-техникалық базаны дамыту және ресурстардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.

«ҚМУ» КеАҚ Сенат шешімінің 2019 ж. «22» қазандағы № 1 хаттамасымен бекітілді


Сапа саласындағы саясат «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ