Өмір туралы ғылымдар институты
Өмір туралы ғылымдар институты (бұдан әрі – ӨТҒИ) Қарағанды медицина университетінің (бұдан әрі - ҚМУ), білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлауды, ұйымдастыруды, қамтамасыз етуді, университеттің және ҚР басқа да ғылым ұйымдарының ғылыми ұжымдарын, «Биологиялық және сабақтас ғылымдар» ББТ бойынша бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады (магистратура, докторантура).
Институт бөлімшелері
ӨТҒИ негізгі міндеттері:
- Университеттің ғылыми және инновациялық қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру;
- Университеттің ғылыми және инновациялық зерттеулерінің орындалуын бақылау;
- Университеттің ғылыми және инновациялық қызметін әдістемелік қамтамасыз ету;
- Өнеркәсіптік және зияткерлік меншік объектілерін анықтау және олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету;
- Университеттің баспа қызметін кәсіби редакциялық қамтамасыз ету;
- Білім беру бағдарламаларын дамыту және іске асыру стратегиясы бойынша ӨТҒИ қызметінің негізгі бағыттарын жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру;
- Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
- Білім алушылардың өзіндік зерттеу жұмысының дағдыларын игеру шеңберінде білім беру процесін, ғылыми қызметті ұйымдастыру, жоспарлау, қамтамасыз ету және бақылау;
- Бірлескен білім беру бағдарламаларын, білім алушылардың академиялық ұтқырлығын, халықаралық жобаларды іске асыру үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
- Тәрбие жұмысын ұйымдастыру және бақылау;
- Түлектерді бөлу, жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау
- ӨТҒИ-да ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру, ғылыми өнімдер шығару;
- ӨТҒИ ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына сәйкес іргелі және қолданбалы зерттеулерді іске асыру; ғылыми өнім шығару;
- Шарттық негізде сыртқы ұйымдардың өтінімдеріне сәйкес іргелі және қолданбалы зерттеулерді орындау.
- ҚМУ кафедралары мен бөлімшелерін, бөгде оқу орындары мен мекемелерді зертханалық жануарлармен оқу процесін және ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету.
- Білім алушылардың ҒЗЖ ұйымдастыру және басшылық ету.
- Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды жоспарлау және жүзеге асыру.
- Ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына сәйкес ғылыми зерттеулерді іске асыру, ғылыми өнімдер шығару